Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pexels.com

Индустрия және инновациялық даму министрі үкімет отырысында еліміздегі тұрғын-үй саясатындағы жаңашылдықтар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейбіт Атамқұловтың хабарлауынша, "Отбасы банкі" базасында "Баспанамен қамтамасыз ету орталығы" құрылады.

Оның мамандары бүкіл ел бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың тізімін жүргізуді, есепке алуды және тіркеуді орталықтан жүзеге асырады, сондай-ақ тұрғын үйді үлестіреді. Бұл жағдайда баспана қолжетімділігі баспалдақтарына сәйкес кезек күні ескерілетін болады.

"Отбасы банкінің" негізгі жұмыс қағидаты тұрғын үйдің, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қол жетімділігін арттыруға бағытталатын болады. "Баспанамен қамтамасыз ету орталығының" базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасымен біріктіріледі. Базаға қайтадан қосуға жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады. Жалдауды субсидиялау механизмін іске асыру үшін "Отбасы банкінің" өкілеттіктерін күшейту ұсынылады", - дейді ИИДМ басшысы.

Бұл механизмде жалға алушылармен келісімшарт жасасу арқылы тұрғын үй қорын басқаратын Бірыңғай тұрғын үй құрылысының операторы іске қосылады.

Жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысынан 21 АЕК немесе 61,2 мың теңге (Нұр-Сұлтан үшін - 31 АЕК немесе 90,4 мың теңге) мөлшерінде жалдау ақысын субсидиялау ұсынылған.

Сонымен қатар, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасында белгіленген баға параметрлері бойынша салынып жатқан тұрғын үй көлемінің 50% берген жағдайда, құрылыс салушының жеке қаражаты есебінен тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар (мектептер, ауруханалар) салу үшін жер учаскелерін алып қоюға әкімдіктерге өкілеттік беру ұсынылады. Бұл объектілер құрылыс салушының жеке учаскелерінде салынған жағдайда баламалы жер учаскелерін беру немесе құрылыс салушының шығындарын өтеу ұсынылған.

Осы ретте құрылыс үшін жер учаскелері жалға беру немесе жер учаскесін сату бойынша сауда-сатық өткізу және ұйымдастыру ережелеріне сәйкес берілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900331-qazaqstanda-turgyn-uimen-qamtamasyz-etu-ortalygy-qurylady/

pixel