Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Опубликовано:

Аяз
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 5 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, деп ескертті синоптиктер. Одан бөлек, солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Ауа райын болжаушылар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кейбір аумақтарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп отыр. Аталған өңірлерде желдің күші 23-28 м/с артуыда мүмкін.

Ал Ақтөбе, Жамбыл облыстарының да кейбір жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с артады, дейді мамнадар.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 15-25 м/с артуы мүмкін.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Ауа райын болжаушылардың ақпаратынша, Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Өңірде түнде желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман, Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с артатыны күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902077-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikterdin-bolzmay/

pixel