Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатардағы бағдарламашы": Қостанай облысының ПД басшысы кісі өлтірді деген күдікке ілінген полицей туралы айтты

Опубликовано:

Бекет Аймағамбетов
Бекет Аймағамбетов. Фото: facebook.com/BeketAimagambetov

Қостанай облыстық полиция департаментінің бастшысы Бекет Аймағамбетов Қостанайда ер адамды өлтірді деген күдікке ілінген полиция қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

Облыстың ПД басшысы бұл іске қатысты түсініктемесін өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Бүгін Қостанайда полиция қызметкері – қатардағы бағдарламашы қатысқан қылмыс орын алды. Мен бұл іске түсініктеме беруді қажет деп санаймын", – деп жазды Аймағамбетов.

ПД басшысының айтуынша, бұрын бірге оқыған қос сыныптас арасында жанжал болған. Екеуінің ұрысы 10-нан астам адамы бар чатта ушыға береді. Осыдан кейін бағдарламашыға сыныптасы қоқан-лоқы көрсете бастайды.

"Біз сені бауыздауға бара жатырмыз, қолымызда қару, соққытаяқтарымыз бар. 30 адам да аздық етеді саған, дайындал", "бауырым, сен топтың көзінше арыз жазбаймын деп айт, мен сені өзім-ақ атып тастаймын, бауыздаймын", "барлығын жігіттерде жаса, қара жолмен", "мен сені атып тастаймын" – бұл оған жіберілген дауыстық хабарламалардан алынған сөздер, деп түсіндірді Аймағамбетов.

Қазіргі уақытта жанжалдың себептерін анықтауға тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

"8 наурызда таңғы сағат 3 шамасында бұрын сотталған сыныптасы мас күйде қызметкердің үйіне танысын ертіп, көлікпен барады. Кездесуге өз атына тіркелген қару алып шыққан полиция қызметкеріне сыныптасы жақындай береді. Жағдайды объективті бағалай алмаған полицей тағы да қоқан-лоққыларды естіген соң, оқ атады, жәбірленуші қайтыс болды", – деп хабарлады Қостанай облысының полиция бастығы.

Қазіргі уақытта полиция қызметкері қамауға алынды. 99-бап "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу, сондай-ақ қызметтік тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу бақылауға алынды, деп қорытындылады Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902392-qatardagy-bagdarlamasy-qostanai-oblysynyn-pd-bassysy-kisi-oltirdi-degen-kudikke-ilingen-policei-turaly-aitty/

pixel