Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Атырау облысында боранды күні ауыл тұрғындарының 70 сиыры жоғалған

Жарияланған күні:

Сиыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында боранды күні ауыл тұрғындарының 70 сиыры жоғалған деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 ақпанда қатты боран салдарынан 70 сиыр жоғалып кеткен.

"Жылыой ауданындағы Майкөмген елді мекенінің тұрғындары жоғалған 70 сиырды өздері іздеген. Одан ешқандай нәтиже шықпаған соң сақшылардың көмегіне жүгінген.

Жылыой ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жайық Қойбасов жоғалған​ малдың 40-қа жуығын 12 күннен соң Майкөмген ауылынан 180 шақырым қашықтағы Маңғыстау облысы Қаракиіз тауының жиегінен тауып, иелеріне әкеліп тапсырды.

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан іздеу жұмыстары біршама қиындық туғызғанмен, полиция қызметкері жоғалған сиырларды іздеуде табандылық танытты.

Алайда, әлі де табылмаған 30-ға жуық сиырды іздеу жалғастырылып жатыр", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Мүйізді ірі қарасы табылған тұрғындар полиция қызметкерлердің қиын да жауапты міндетін адал атқарып, көмек бергені үшін алғысын бейнежазба арқылы білдірді.

Айта кетейік, осыған дейін Украинада мысық төрт айлық нәрестені тұншықтырып өлтіргенін жазған едік. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері оны құтқаруға барын салып, ата-аналарының талап етуімен нәрестені Острожский орталық аймақтық ауруханасына жеткізген. Алайда, сәбиді құтқару мүмкін болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902761-atyrau-oblysynda-borandy-kuni-auyl-turgyndarynyn-70-siyry-zogalgan/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif