Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті індет: Қазақстанда неше өңір "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

11 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласы "қызыл" аймақта орналасқан.

Ал "сары" аймақта - Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Ақмола облысы, Қарағанды облысы және Павлодар облысы тұр.

Қазақстанның қалған барлыө өңірлері "жасыл" аймақта. Жалпы еліміз коронавирустың таралу қаупі бойынша "жасыл" аймақта орналасқан.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 752 адам тіркелген. Олардың 197-сі Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 220 770-ке жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астана аумағындағы шектеу шараларын күшейтуге бағытталған жаңа қаулыға қол қойған болатын.

Құжатта бас санитар дәрігері жаппай шараларды өткізуге тыйым салған. Жеке тармақта көктемгі Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу жазылған.

Сондай-ақ, 2021 жылы 20 наурыздан 24 наурызға дейін Алматыға қала/облысаралық тұрақты автобустар (шағын автобустар) қозғалысы шектеледі. Бекшин әлі қызметі қайта жаңармаған нысандардың жұмысына да тыйым салды. Бұл - бильярдтар, караоке мен боулинг орталықтар, компьютерлік клубтар мен батут, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото мен ойын клубтары, ойын алаңдары мен жабық үй-жайлардағы аттракциондар, оның ішінде спорттық нысандарда орналасқандардан басқа мұз айдындары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902826-qauipti-indet-qazaqstanda-nese-onir-qyzyl-aimaqta/

pixel