RU

Алматыдағы ұшақ апаты: Әуежайда рейстер бөгелуде

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік астана әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағандықтан Алматыдан Қазақстанның өзге қалаларына рейстер бөгелуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұшу кестесіне қарап, Алматыдан Ақтауға, Нұр-Сұлтанға, Көкшетау мен Оралға жүретін рейстер бөгелгендігін көруге болады. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"Орын алған оқиғаға байланысты ұшу кестесінде аздаған өзгерістер бар" , - деді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін 13 наурызда Алматыда әуежай маңында ұшақ құлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе кемесі ҚР ҰҚК-не тиесілі.

Ұшақ апаты салдарынан төрт адам қаза болып, екі жолаушы зардап шеккен. Апатты жағдайда жарақат алғандар бірден ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903212-almatydagy-usaq-apaty-auezaida-reister-bogelude/