Түркістан облысындағы белгісіз төмпешіктер тұрғындарды таңырқатты (фото)
Жарияланған күні:
Түркістан облысындағы саңырауқұлақ жинаушылар ен даладағы белгісіз төмпешіктерді ел назарына ұсынды.
Otyrar.kz жазғандай, жергілікті тұрғындар алғашқы көктемгі саңырауқұлақтарды 8 наурызда жинауға шығып, ерекше төмпешіктерге назар аудара бастайды.
Ен дала қар жамылғысының астында қалғандықтан, төмпешіктер көрінбей қалған, десе де жұмбақ төмпешіктерге тұрғындардың қызығушылығы басылар емес.
Сырдария-Түркістан мемлекеттік аймақтық табиғи саябағының қызметкерлері белгісіз төмпешіктердің қалай пайда болғанын түсіндіріп берді. Аталмыш саябақтың қоғаммен байланыс бойынша маманы Қайрат Кәрібаевтың айтуынша, бұл төмпешіктер шөп жинауға арналған.
"Менің білуімше, бұл (малға арналған - ред.) науа емес.Мұндай дөңгелек жерге әдетте шөп жинады. Көтеріңкі келген сыртқы дөңгелектер судан қорғайды. Ал ішкі төбешік қаңқа қызметін атқарады", - деп түсіндірді маман.
Еске салсақ, бұған дейін Тараз-Шымкент тас жолындағы ұзын-сонар кептеліс жұртты шошытқанын жазған едік.
Желіде тараған видеодан жүздеген көліктің ұзын-сонар кептелісте тұрғанын байқауға болады.
Кадрлардан кептелістің бірнеше шақырымға дейін созылғанын аңдай аласыз. Бейнежазба астына видеограф бұл жайт кеше таңғы уақытта түсірілгенін жазған.
Айтуынша, кептеліс ауа райының нашар болуы салдарынан уақытша жабылып қалған Тараз-Шымкент тас жолында болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903328-turkistan-oblysyndagy-belgisiz-tompesikter-turgyndardy-tanyrqatty-foto/