Шымкентте кезекті той тоқтатылды
Опубликовано:

Шымкент қаласында карантин режимін елемеген тойханалар анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізген.
Нәтижесінде мегаполистің бас санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтамаған кәсіпкерлік нысан анықталды. Ғимарат Әл-Фараби ауданында орналасқан.
Тұрар Рысқұлова көшесінің бойындағы “Жұлдыз” тойханасында мерекелік шараның болып жатқаны анықталды.
Осылайша, кәсіпкерлік нысан иесіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша іс-құжаттар жинақталған.
Материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға, яғни аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903353-symkentte-kezekti-toi-toqtatyldy/