Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам қаза болды

Опубликовано:

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда облысында жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өз Facebook парақшасында жазды.

Оның сөзінше, бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесіндегі № 29 жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, өрт шыққан. Тілсіз жау 144 шаршы метр жерді қамтыған. Салдарынан 4 адам қайтыс болған.

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 1950 жылы туған тағы бір адам жергілікті аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

"Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!", - деп жазды өңір әкімі.

Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер, 1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) қызметі жұмылдырылған.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы іргесіндегі Бесағаш ауылының таулы аумағындағы бір үй арнайы көлік жеткенше, өртеніп кеткенін жазған едік. Оқыс оқиға жексенбі күні түнгі сағат 00:00 шамасында болған. Абырой болғанда үй иелері аман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903428-qyzylorda-oblysynda-zeke-turgyn-uide-gaz-zarylyp-tort-adam-qaza-boldy/

pixel