Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Банк үлестіруі тиіс пәтерлер сатылымға шығып кеткен": Шымкентте бір топ салымшы бас көтерді

Жарияланған күні:

ФОто
Видеодан кадр: КТК

Шымкентте баспана бағдарламасынан жанжал шықты. Онлайн режимде пәтер аламыз деген азаматтар, арнайы сайттың істен шығып, үміттенген баспаналардың басқа жекеменшік сайтта сатылып жатқанына наразы деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Салымшылар тек "Отбасы банкінің" салымшылары арасында үлестірілуі тиіс пәтерлер сатылымға шығып кеткенін айтады.

"Бронь жасасақ сайт істемей тұрып қалады. Оны ашсақ пәтер жоғалып кетеді. Ертеңіне сол 5-6 миллион теңгенің пәтерлері 10 миллион деп "krisha.kz -ке" шығады. Сайт істейді, бірақ та жоқ. Кім алып жатыр оны?", - деп ашынды банк салымшысы.

Телеарна дерегінше, baspana.kz қосымшасы арқылы 425 пәтер үлестірілуі керек болған екен.

Алайда брондау басталғанда ол қосымша істен шығыпты. Компьютер алдында түнімен отырған салымшылар таңертең бірде-бір пәтердің қалмағанын жасырған жоқ. Тіпті банк қызметкерлері өтірік конкурс өткізіп, үйді салымшыларға емес, ауызбастырық бергендерге таратып жіберді деп отыр.

Ашынған банк салымшылары осыған байланысты Шымкенттегі "Отбасы банкінің" қызметкерлерін түгел тексеруін талап етуде.

Ал банк басшылығы болса сайттың істен шыққанын бір мезетте мыңдаған адамның тіркелгенімен түсіндірген. Десе де, салымшылардың арызынан кейін, ішкі тексерістің жүргізілетінін хабардар етті.

"Негізі baspana.kz сайты тиімді әрі пайдалы жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз. Бірақ 425 пәтер үшін 10 мыңнан астам адам таласқан соң жүктелмей қалғаны рас. Бірақ, қазір біздің қосымшада көрсетілген пәтерлердің қалайша өзге жекеменшік сайттарға сатылымға шыққаны бойынша тексеретін боламыз", - дейді Отбасы банкінің филиал директоры Дәурен Саудабаев.

Дереккөз: КТК телеранасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903464-bank-ulestirui-tiis-paterler-satylymga-sygyp-ketken-symkentte-bir-top-salymsy-bas-koterdi/