Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандастарға да жер сатылмауы әрі жалға берілмеуі мүмкін

Жарияланған күні:

жер39
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдаған еді. Жаңа заң жобасына сәйкес, қандастар да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығымен иелене алмайды деп хабарлайды КТК арнасы.

Сонымен қатар заң жобасында 2016 жылғы 1-ші шілдесіне дейін жалдау шарттарымен берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болса, ол көрсетілген мерзімге дейін жарамды. Одан әрі ұзартылмайды деп көрсетілген.

Қандастарға жер телімін иемденетін бір ғана жағдай қарастырылған. Тек шаруа немесе шаруа қожалығын жүргізетін болса немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қолға алса ғана.

Ондай жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және бос жерден уақытша ғана берілмек.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында президент шетелдіктерге жерді сатуға заң жүзінде біржола тыйым салынатынын мәлімдеген еді.

"Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет", - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сол кезде мемлекет басшысы президент әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керектігін айтқан еді.

Кейін президент шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдағанын, парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайтынын мәлімдеген болатын.

Заң жобасының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903465-qandastarga-da-zer-satylmauy-ari-zalga-berilmeui-mumkin/