Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құр қағаз болып шықты": Ақтөбеде шенеуніктер көпбалалы анаға жарамайтын сертификат берген

Жарияланған күні:

Сертификат22
Кадр: КТК арнасынан

Ақтөбеде көпбалалы анаға сертификат табыстаған облыс шенеуніктерінің басы дауға қалды. Айсұлу Күздібаеваға Алғыс айту күні өңір әкімінің өзі ел алдында екі миллион теңге деп жазылған қағаз ұстатқан. Алайда оның көк тиын құны болмай шықты деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Айсұлу Күздібаева екі миллион теңгенің сертификатын алғанда қатты қуанған. Кейін оның құны жоқ құр қағаз екенін білгенде салы суға кеткен.

Қазір сертификат кішкентайлардың ойыншығына айналған. Көпбалалы ана бұлай жұрт алында кәдеге жарамайтын сертификатты неліктен бергенін түсіне алмай әлек.

"Екі миллионға үйдің үстіне шамалы ақша қосып баспана аламын деп ойладым. Өтірік айтпай-ақ қояйын, берген кезде қуандым. Көршілерім құтты болсын айтып келді. Екі миллион алыпсың деді. Бұл құр қағаз болып шықты. Маған бұл ақша берілген жоқ", - дейді Айсұлу Күздібаева.

Видео
Айсұлу Күздібаева. Кадр: КТК арнасынан

Жатақхананың аядай бөлмесінде бес баласымен тұратын Айсұлу жыл басында әлеуметтік желі арқылы елден көмек сұраған. Сол уақытта еріктілер керек-жарағын алып беріп, бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал әкімдік тарапынан ешқандай қолдау болмаған.

"Ол отбасының тұрмыстық жағдайы қиын екен. Барлық жастар болып өзіміз жөндеу жұмысына ақша жинадық. Еденінен бастап, төбесі мен қабырғасына дейін жаңалап бердік. Қосымша керекті жиһаз бен теледидар алып бердік", - дейді ерікті Шахретдин Азимов.

Ал әкімдіктегілер қайырымды жандардың көрсеткен көмегін сертификатқа жазып бергенін мойындап отыр. Алайда көк тиын құны жоқ бір жапырақ қағазды көпбалалы анаға салтанатты түрде тапсыруға не түрткі болғанын түсіндіріп бере алмаған.     

"Неге осы жастардың игі істерін көрсетпеске, басқаларға үлгі ретінде көрсетпеске деген оймен осы Айсұлу ханымға жасалып жатқан жұмыстарының жұмсалған қаржыларын көрсете отырып, сертификат ретінде жастардың атынан тапсырған алғысымызды білдіру деген оймен туындаған болатын", - дейді Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903467-qur-qagaz-bolyp-syqty-aqtobede-kopbalaly-anaga-sertifikat-bergen-seneunikterdin-basy-dauga-qaldy/