Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

McDonald's Қазақстанда 5 жыл ішінде 25 миллионнан астам қонаққа қызмет көрсетіп, 3176 жұмыс орнын құрды

Жарияланған күні:

McDonald's
Фото: McDonald's

McDonald’s Қазақстан нарығында 5 жыл жұмыс істеу нәтижесінде 25 113 492 келушіге қызмет көрсетіп, 20 мейрамхана ашып, 3176 жұмыс орнын құрды. Брендтің еліміздегі даму тарихы 2016 жылдың 8 наурызында Нұр-Сұлтанда алғашқы McDonald’s мейрамханасының ашылуынан бастау алады.

Бүгінгі таңда McDonald's жылдам қызмет көрсету кәсіпорындары келесі қалаларда жұмыс істейді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды. Оларды соңғы өндіріс және қызмет көрсету технологияларымен жабдықталған әлемдік McDonald's желісі ішіндегі брендтің ең инновациялық мейрамханалары деуге болады.

Бұл өз алдына McDonald's-тың ерекшелігі болып келетін сапа стандарттарын, қызмет көрсету мәдениетін, тазалық пен қолжетімділікті сақтауға кепіл бола алады.

McDonald's
Фото: McDonald's

Белгілі бренд мыңдаған қазақстандық студенттер үшін еңбек мектебіне айналып үлгерген менеджмент және персоналды басқару саласындағы әлемдегі үздік іскери тәжірибелердің бірін елімізге әкелді. 5 жылдық мерейтойына дейін компания 3176 жұмыс орнын құрды, қазақстандық кеңсені McDonald’sжүйесінде мансабын құрған мейрамхана қызметкерлерінің 40%-ынан тұратын топ басқарады.

Компания қазақ жастары үшін өзіндік әлеуметтік жоғарылау сатысына айналған және кадрларды даярлауға қаражат құйып келеді. Коронавирус салдарынан болған карантин кезеңінде барлық мейрамханалардың жабылуына қарамастан, 100% жұмыс орындары сақталып, жалақы толық төленді. Қазақстандықтар өз кезегінде брендтің сапасына сенеді.

5 жыл ішінде олар 2 493 568 Биг Мак, 10 232 702 порция фри картобы, 3 582 007 литр Coca-Cola Classic және 1 695 171 Хэппи Мил ойыншықтарын сатып алды. Айта кетерлігі, балаларға күтім жасау бағдарламасы жүзеге асырылуда, оған сәйкес әр түрлі қалаларда 6 ойын алаңы, 3 жаттығу зонасы, ал Ақтөбе қаласында скейтпарк салынды.

Асет Машанов
Фото: McDonald's

Асет Машанов, McDonald’sҚазақстан бас директоры:

«ҚР Ұлттық Паралимпиадалық Комитетінің, «Мейірім» қосымша көмеке керек балаларының оңалту орталығының, «Қайрат» ФК-ның, сонымен қатар EXPO-2017, Халықаралық Универсиада сияқы өзге де елдік жобалардың серіктесі атанған компания қоғамның тұрақты дамуына сүбелі үлес қосып жатқанын атап өту маңызды деп санаймын..

Біз экологияға жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаға қамқорлық жасаймыз. Энергияны оңтайландыру бағдарламасы жыл сайын 20 тұрғын үйді қамтамасыз етуге жетерлік энергияны үнемдеуге мүмкіндік берді. Сенсорлық су араластырғыштар мен сусыз дәретханаларды пайдалану арқылы біз жыл сайын 200 000 тонна суды үнемдейміз. Қаптама материалын, қағаз бен тағамдық майды қайта өңдеуге тапсырып отырамыз.

Біздің акционер Қайрат Боранбаевтың қолдауымен біз 25 қазақстандық жанкүйерді 2018 жылы футбол бойынша FIFA Әлем чемпионатына баруын ұйымдастырдық, балақайлардың бірінің арманын жүзеге асыруға көмектесіп, ол Хорватия құрамасымен бірге Әлем чемпионатының финалында алаңға шығу мүмкіндігіне ие болды. Біз 5 жыл бойғы жұмыс барысында осындай көптеген шабыттандыратын оқиғаларға себепкер бола алдық. Компания Қазақстан азаматтарының ерекше санаттарын қолдау бойынша өмірлік маңызы бар жобаларды іске асыруға жалпы сомасы 52 млн теңге қаржы жұмсады. Біздің команда бұны ерекше мақтан тұтады»

McDonald's өз серіктестері - өнім жеткізушілердің дамуына да көмектеседі. 5 жыл ішінде біз бургерларымыздың 40% -50% үлесін жергілікті ингредиенттерден, ал наубайлық өнімдерде (фирмалық тоқаштар) ол көрсеткішті 95% дейін жеткізе алдық.

Ингредиенттерді өндіру үшін әлемдік деңгейдегі Food Town Almaty өндірістік-логистикалық кешені құрылды, оның құрылысына Қазақстан, Беларусь және Ресейдегі франшиза иесі Қайрат Боранбаев 7 млрд теңге инвестиция құйды.

McDonald's
Фото: McDonald's

Food Town Almaty Еуропалық сапа орталығының мақұлдауы мен сертификатына ие болды. Бір шатырдың астында наубайхана, салаттар, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу және орау цехы, сонымен қатар ҚР мен РФ аумағында баламасы жоқ «А» санатындағы тарату орталығы орналасқан.

Қаттау және логистиканы 100 елдегі McDonald's жеткізушісі болып табылатын әлемдік алпауыт HAVI басқарады. McDonald's басшылығы географияны кеңейту және оның өнімдерін Қазақстанда толық жергіліктендіру бойынша биік мақсаттар қоюда.

McDonald's
Фото: McDonald's

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903497-mcdonalds-qazaqstanda-5-zyl-isinde-25-millionnan-astam-qonaqqa-qyzmet-korsetip-3176-zumys-ornyn-qurdy/