Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда көздің қызаруын тудыратын улы ойыншықтар сатылған

Жарияланған күні:

Балабақша
Көрнекі фото: piqsels.com

Солтүстік Қазақстан базарлары мен дүкендерінде көздің қызаруы мен тұншығуды тудыратын улы ойыншықтар сатылған. Олардың құрамында аса қауіпті зат- фенол бар.

Петропавл тұрғыны қазір балаларына ойыншықты мұқият таңдайды. Себебі, ол баласының туған күнінде зиян ойыншықтарға тап болған деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Мен пластиктің өткір иісін байқадым. Біз бұл ойыншықтардан тез арылдық, өйткені иіс соншалықты жаман болғандықтан, балаларға беруден қорқатынмын. Мамандандырылмаған дүкеннен ойыншықты өте сирек аламыз. Себебі, баланың денсаулығы құрығаннан гөрі қымбатырақ ойыншық алғанымыз жақсы",- деді Наталья Некрасова.

Алайда, бұл жағдайға барлық ата-ана назар аудара бермейді. Кейбірі әлі де бала денсаулығына зияны бар, Қытайда өндірілген ойыншықтарды сатып алып жүр.

Тілшілердің ақпарынша, аспан асты елінен әдетте сапасыз әрі балаларға зиянды тауарлар жеткізіледі. Мұны зертханалық зерттеулер де растап отыр. Ал Солтүстік Қазақстанда өткен жылы құрамында фенолы бар жүздеген ойыншықтың көзі жойылды.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Данияр Оспанов фенол баланың көз жасын, көзінің, ауыз бен мұрын шырышты қабығының қызаруын тудыратынын атап өтті. Бала қауіпті ойыншықтармен ұзақ уақыт ойнағанда, тұншығу немесе цианоз тууы мүмкін. Оның жүйкесі жұқарып, тітіркенгіш болады.

Сарапшылар сатып алар алдында тауар таңбасын мұқият қарауға кеңес береді. Ол өнімнің толық сипаттамасымен болуы керек. Мамандар зиянды заттардың шамалы асып кетуі де улануды тудыруы мүмкін деп отыр. Сондықтан, ата-аналар тауарға сертификат талап етуі керек.

Техникалық регламент талаптарын бақылау бөлімінің бастығы ойыншықты иіскеу қажет екенін де еске салды. Өйткені зиян ойыншықтардан міндетті түрде иіс шығады.

"Фенол болса, иіскегенде тәтті иіс шығады",- деді Оспанов.

Жағдай қанша жыл өтсе де өзгере қоймаған. Қазақстандық балалар әлі күнге дейін зиянды ойыншықтармен ойнайды, ал тауарлар ағымын бақылау мүмкін емес. Осы тенденцияға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия 1 шілдеден бастап тәжірибе өткізуді ұсынған. Онда Еуроодақ елдерінде шетелдік онлайн сатушылар ойыншықтардың қауіпсіздігін құжат жөнінде растап беруге міндеттледі.

Егер мұндай анықтама болмаса, тауар сатылымға шықпайды. Бұл ереже бірқатар тауарға қатысты болып отыр. Мамандар пікірінше, бұл сатушылар мен жеткізушілерге қиындық тудырғанымен, балалардың денсаулығын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903559-soltustik-qazaqstanda-kozdin-qyzaruyn-tudyratyn-uly-oiynsyqtar-satylgan/