Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мереке күндері сауда үйлері 17:00-ге дейін ашық болады: Алматыда карантин талаптары өзгерді

Жарияланған күні:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулығы қол қойды. Құжат Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Соңғы қаулыға сәйкес, Алматыда демалыс және мейрам күндері қоғамдық көліктер қатынайды. Дегенмен автобустар бұл күндері таңғы 6-дан 10-ға дейін және кешкі 5-тен 10-ға дейін жүретін болады. Ал жұмыс күндері автобустар штатты кесте бойынша жұмыс істейді.

Сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің де жұмыс кестесі өзгерді. Енді олар жұмыс күндері таңғы 10-нан кешкі 9-ға дейін, мереке күндері таңғы 10-нан күндізгі 5-ке дейін ашық болады. Ал сенбі және жексенбі күндері бұл нысандар қызмет көрсетпейді.

Ашық және жабық базарлар да дәл осындай жұмыс кестесімен жұмыс істейді.

Супемаркеттер мен гипермаркеттерге таңғы 6-дан түнгі 2-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

Сонымен бірге, қоғамдық тамақтану орындары, кафе, мейрамханалар кешкі 9-ға дейін қызмет көрсетеді. Осы ретте сыйымдылығы 50 пайыздан аспауы және отыратын орындықтар саны 30-дан аспауы тиіс.

Сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі тамақтану орындары тек жеткізіп беру қызметін атқарады.

Жаппай іс-шаралар өткізуге әлі де рұқсат жоқ.

Одан бөлек, санитар дәрігердің қаулысымен кинотеатрлар, театрлар, концерттік залдар мен мәдени нысандардың қызметіне тыйым салынады.

Қаулының толық нұсқасымен осы жерде танысуға болады.

Құжат 20 наурыздан бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903637-mereke-kunderi-sauda-uileri-asyq-bolady-almatyda-karantin-talaptary-ozgerdi/