Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3,5 жылға бас бостандығы шектелген Павлодар облысының экс-әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады

Жарияланған күні:

Сотталған экс-әкім Болат Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

Павлодар облысының экс-әкімі бір жылдан астам уақыттан кейін Instagram парақшасында жазба жариялап, өңір тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Желідегілер бұрынғы шенеуніктің сөздерін жылы қабылдаған.

"Армысыздар ағайын! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Халқымыздың жаңа жылында өмірдің жаңа парағын ашып жатырмыз. Өткен жыл өзінің күрделі оқиғаларымен есте қалды. Бірақ, оның бәрі де – өтті, кетті. Күн артынан күн туып, өмір жалғасуда. Кіндігім осы елге байланған ер азамат болғандықтан, елмен бірге боламын. Кешегі көрісу күні аясында халқыммен қайта қауышуға ниеттімін. Сіздердің мейірімді де кең құшақтарыңыздың алдында менің жүрегім де, жүзім де ашық.

Жаңару айында, рахым мен кешірім айында Сіздерге жақсылық пен бақ-береке тілеймін. Пандемиядан аман шығып, еркін ойнап-күлген күндер қайта оралсын. Ұлыс оң болсын!", - деп жазған Болат Бақауов.

Осы ретте желі қолданушылары бұрынғы әкімге жылы қабақ танытып, оның құттықтауына белсенді түрде пікір білдірген.

"Бірге болсын! Сізге де Алла тағаланың берер жақсылығымен қуанышы көп болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қыдыр Ата төріңізден кетпесін!, " Наурыз мейрамы құтты болсын!", " Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға, туған-туысқанызға амандық тілеймін!", "Рахмет! Сізге де Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!", - деп жазған оқырмандар.

Айта кетсек, 2020 жылдың мамыр айында сот үкімімен Болат Боқауовтың 3,5 жылға бас бостандығы шектелген еді. Ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланағанын мойындаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904270-35-zylga-bas-bostandygy-sektelgen-pavlodar-oblysynyn-eks-akimi-turgyndardy-merekemen-quttyqtady/