Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі қазақ журналисі өмірден өтті

Жарияланған күні:

Дүрәлі Дүйсебай
Дүрәлі Дүйсебай. Фото: qazaquni.kz

Қазақстандық белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті. Қаралы хабар туралы Facebook желісінде БАҚ өкілдері жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қайран біздің Дүраға-Дүрәлі Дүйсебай, сізге де уақыт келгені ме? Өзінен кейінгілерге білетін ақылын айтудан жалықпайтын, жаны жайсаң жан еді. Пейілінде қылаудай кіршік жоқ таза адам еді. Баладай аңғал Дүрағамен "Халық сөзі"газетінде, сосын ЕҰУ-да бірге қызмет еттік. Отбасы мен туыстарына, достарына көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқасын!", - деп жазды журналист Бейбіт Тоқтарбай.

"Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай ағамыз өмірден озды деген қаралы хабар естідік... Дүрағамен "Халық сөзі" газетінде бірге қызметтес болдық, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын! Иманды болсын!", - деп жазды тағы бір журналист Қуат Әуесбай.

Дүрәлі Дүйсебай еңбек жолын 1981 жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінен бастаған. Кейін Мемлекеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание" газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған.

Соңғы жылдары "Халық сөзі" басылымында қызмет еткен, сонымен қатар "Қазақ спорты" газетінің бас редакторы болған.

Мәдениет қайраткері, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері.

KAZ.NUR.KZ ұжымы да Дүрәлі Дүйсебайдің жақындарына мен туыстарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904371-belgili-qazaq-zurnalisi-omirden-otti/