Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та қару ұстаған қаскөй дүкенге келген он адамды атып өлтірді

Опубликовано:

Фото
Фото: twitter.com/NBCPhiladelphia

АҚШ-тың Колорадо штатына қарасты Боулдер қаласында ер адам супермаркетке кіріп келушілерге оқ жаудырды.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасының Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды korrespondent.net.

Атыс салдарынан 10 адам қаза тапқан, оның ішінде тәртіп сақшылары да бар.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бейтаныс ер адам әуелі дүкен маңында атыс бастаған. Одан кейін дүкен ішіне кіріп, ондағы адамдарға оқ жаудырған. Сатып алушылар жан-жаққа қашып, жан тасалауға тырысқан. Оқиға орнынан бірінші болып жеткен құқық қорғау саласының маманы Эрик Тэлли оққа ұшты.

Қаскөй полиция қызметкерлерімен атыс кезінде жараланып, ұсталды. Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әлі анықталмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904432-aqs-ta-qaru-ustagan-qaskoi-dukenge-kelgen-on-adamdy-atyp-oltirdi/

pixel