Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО тұрғыны қар күреп жүріп көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті

Опубликовано:

Көпқабатты үй
Көрнекі фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының тұрғыны 4 қабатты үйдің шатырында қар күреп жүріп құлап кетті деп хабарлайды жергілікті Sputnik Қазақстан.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 21 наурызда болған.

"Сағат түскі бір шамасында Алтай қаласының Космонавтов көшесінде 33 жастағы ер адам қар тазалау кезінде 4 қабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Ер адам жарақат алған жоқ. Ауруханаға бармады", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, құлағаннан кейін ер адам қар күреу үшін шатырға қайта көтерілген.

Айта кетейік, Алматыда осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен Аяжан Еділова өлі күйінде табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Жедел-іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары жоғалар күні бойжеткеннің жаңа танысымен кездеспек болғанын анықтаған. Олардың әлеуметтік желі арқылы танысқаны белгілі болды.

Болжам бойынша, Аяжан жаңа танысының қылмыстық әрекетінің құрбаны болған. Қылмысты жасады деген күдікпен 1993 жылғы Түрікстан облысының тұрғыны ұсталған.

"Тергеу амалдары жүргізілуде, соның ішінде қылмыстың себебі және қалай жасалғаны анықталуда", - дейді қылмыстық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Ал бұған дейін Түркістан облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам екі күннен кейін құдықтың ішінен табылған еді. Малшы тереңдігі 3 метр болатын құдыққа түсіп кетіп, өз бетінше шыға алмаған. Оны 11 құтқарушы, бір полиция қызметкері мен үш туысы іздеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904490-sqo-turgyny-qar-kurep-zurip-kopqabatty-uidin-satyrynan-qulap-ketti/

pixel