Осы демалыс күндері кез келген қазақстандық пәтер иесі атануы мүмкін
Жарияланған күні:
Қазақстандықтардың дені өз үйі болмауының салдарынан жалдамалы пәтерлер мен үйлерді жағалауға және қомақты соманы құрайтын жалдау ақысын төлеуге мәжбүр болып отырғандығы ешкімге құпия емес. Әдетте қарапайым тұрғынның жалақысының жартысы жалдау ақысын төлеуге кетіп жатады деп хабарлайды NUR.KZ.
Кейбірі ондаған жылдарға ипотека алуға шешім қабылдайды, себебі өзгенің пәтері үшін ақша төлегенше, өз пәтерінің шаршы метріне төлеп отырғанды жөн санайды. Осындай батыл жандарға көмектесу үшін билік оларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға рұқсат етті, алайда жылжымайтын мүлікке мұқтаждардың барлығы төлемнің жеткіліктілік шегіне жете қоймады.
Сондай-ақ, ауыртпалығы әлдеқайда аз тәсіл бар – несиеге жоламай, пәтерге ақшаны толықтай өз күшіңізбен жинау, бірақ бұл тәсіл көп уақытты қажет етеді және инфляция қаупін тудырады, әрі айналып келгенде пәтерді жалдау ақысын төлеу қажеттілігі туындайды - себебі, сіз пәтерге қаражат жиналғанға дейін бір жерде тұруыңыз керек.
Алайда, осы демалыс күндері Қазақстанның кез келген тұрғыны өз бағын "ауқымды түрде" сынап көріп, және қарапайым тілмен айтқанда ойнап-күліп жүріп, пәтерге ие болу мүмкіндігін алады. Мұндай мүмкіндік ел тұрғындарына "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының арқасында беріледі.
28 наурызда TeleBingo ойынында құны 20 миллион теңге тұратын пәтердің ұтыс ойыны өтеді. Бос уақытыңызды қызықты өткізудің бұл тәсілі сізге қызығымен қоса қуанышын да ала келуі әбден мүмкін.
Ұтыс ойынына қатысу үшін сізге TeleBingo билетін сатып алу қажет. Мұны терминалдан билеттің нөмірін сол жерде тіркеу арқылы немесе "Сәтті жұлдыз" лотереясының веб-сайтының промо парағында тіркеу арқылы жасауға болады. Сонымен қатар, сіз билетті онлайн немесе SMS-тің көмегімен 9087 нөміріне "Телебинго 5" сөзін жіберу арқылы сатып ала аласыз.
Маңызды шарт - сізге 2500 теңге көлемінде лотерея билетінің бес жолағын сатып алу қажет. Мұндай қаражатты ойын-сауық үшін де жұмсап жүргендер баршылық екенін ескеретін болсақ, оны сыйлыққа пәтер алу мүмкіндігі үшін жұмсау айтарлықтай шығын болмасы анық. Оған республиканың кез келген кәмелет жасына толған тұрғыны қатыса алады.
Ойынға қатысу үшін билетті 2021 жылдың 27 наурызы сағат 23.59 дейін сатып алу керек. Ұтыс ойыны осы жексенбіде, 2021 жылдың 28 наурызында, "Астана ТВ" телеарнасында сағат 10.00-де тікелей эфирде өтеді. Жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторы көмегімен анықталады.
Тағы да айтар жағымды жаңалығымыз бар. Егер сіз әрқайсысы бес жолақтан тұратын бірнеше билет сатып алсаңыз, сіздің сыйлықты ұту мүмкіндігіңіз едәуір артуы мүмкін. Сіз бір ұялы байланыс нөміріне шектеусіз лотерея билеттерін тіркей аласыз, осылайша ұтып алу мүмкіндігіңізді арттырасыз!
Тіпті сіз бұл жолы сыйға берілетін пәтердің бақытты иегері бола алмасаңыз да, көңіл-күйіңізді түсірмеуге екі бірдей себеп бар. Біріншіден, лотерея - бұл, ең алдымен, ойын-сауық, өз сәттілігіңізді сынауға және уақытты қызықты өткізуге берілетін мүмкіндік.
Екіншіден, тағдыр мен лотерея операторы тағы бір мүмкіндік береді - екінші ұтыс ойыны түрінде. Ол 26 қыркүйекте өтеді, оған биыл 28 наурыздан бастап сатып алынған билеттер қатысады.
Қазақстандықтар қазірдің өзінде ірі лотерея ұтыстарының иегерлеріне айналғанын айта кеткен жөн. Мәселен, өткен жылы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үлкен супер жүлде ойнатылды - 109 миллион теңге, оны Loto 6/49 ойынының қатысушысы атыраулық Ерлан алды.
Сонымен қатар, қазақстандықтар көліктер мен миллиондаған сыйлықтарға ие болды - 2020 жылы әр апта сайын ел тұрғындарының бірі миллионер атанды.
Одан бөлек, лотереяға қатысушылар билеттерді сатып алу арқылы Қазақстанда спорттың дамуын қолдайды, өйткені "Сәтті Жұлдыз" компаниясы ойынның жалпы кірісінің 15%-ын отандық спорттың дамуына аударады. Тек 2020 жылы спорт Қорына 662 000 000 теңге, ал компания құрылған кезден бастап барлық кезең ішінде 1 миллиард теңгеден астам қаражат аударылды.
Ойнаңыз және ұтыңыз, сәттілік дәл сіздің серігіңіз болсын!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904734-osy-demalys-kunderi-kez-kelgen-qazaqstandyq-pater-iesi-atanuy-mumkin/