Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды

Жарияланған күні:

сынып
Көрнекі фото: Ақорда

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 26 наурызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енген қаулыға сәйкес 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:

  • Республиканың барлық өңірінде 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы бала санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға болады.
  • білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
  • тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
  • тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:

жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-сыныптан бастап 7-сыныпты қоса алғанда, мектепалды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.

"Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, "1 сынып – 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау)", – делінген құжат мәтінінде.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904745-tortinsi-toqsanda-oqusylar-qalai-oqidy/