Бахрейнде тағы алты қазақстандық әйел секс-құлдықтан босатылды
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі тергеу бөлімінің басшысы Санжар Әділов ведомствода өткен брифингте адам саудасы туралы және олардың шетелде жыныстық қанаушылық фактілері туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Санжар Әділовтың айтуынша, соңғы екі аптада полицейлер жезөкшелікпен айналысқан Қазақстанның алты азаматының қай жерде екенін анықтады.
"Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның өзара әрекеттестігі мен үйлестіруінің арқасында қыздар Бахрейн Корольдігі, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға орала алды. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды. Жақын арада қылмыстық іс аяқталып, айыптау қорытындысымен сотқа жіберіледі", – деді ол.
Оның айтуынша, жалпы Қазақстан ішкі істер органдарының қызметкерлері адам саудасының 133 қылмыстық ісін тергеп жатыр. 48 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол бұдан бұрын ішкі істер органдарының қызметкерлері Интерпол қызметкерлерімен, Бахрейн Корольдігі мен Ресей Федерациясының прокурорлары мен құқық қорғау органдарымен бірге Бахрейн Корольдігінде жезөкшелікпен айналысқан қазақстандықтардың заңсыз трафигін анықтағанын айтты.
"2016 жылдан 2020 жылға дейін біздің елдің аумағында Бахрейн Корольдігіне қыздарды жезөкшелікке тарту және жіберу жұмыстары жүргізілгені анықталды. Жалпы, біз Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып табылатын 39 жәбірленушіні анықтадық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 19 күдікті бар, үшеуі іздеуде", – деп қорытындылады спикер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904990-baxreinde-tagy-alty-qazaqstandyq-aiel-seks-quldyqtan-bosatyldy/