Қазақстанда оқушыларға сабаққа еркін киімде қатысуға рұқсат етіледі
Жарияланған күні:
Мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық іс-шаралар қарастырылатын болады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында хабарланды
"Министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, ал музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынып отыр. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізу бойынша ұсыныс берілді" , - делінген ведомство мәліметінде.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.
Мектеп асханаларының жұмысы жергілікті әкімдіктердің шешімі әрі бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ұйымдастырылады.
"Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі", - деп аталып өткен министрлік хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905039-qazaqstanda-oqusylarga-sabaqqa-erkin-kiimde-qatysuga-ruqsat-etiledi/