Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өлімнен ұят күшті": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен ыңғайсыз жағдай туралы айтты

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өмірінде болған ыңғайсыз жағдай туралы айтып берді. Басынан өткен қызықты оқиғамен ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы қонаққа барған кезде бұрын-соңды жеп көрмеген тағамның дәмін татып, аса ыңғайсыз жағдайға тап болған. Тележүргізушіге таныс емес ас мүлдем ұнамай қалған.

"Басымнан өткен бір ыңғайсыз жағдайды айтқым кеп отыр. Қонақта отырғанда таныс емес тамақтың дәмін көрейінші деп аузыңа салып жіберетін кез болады ғой. Әлгінің дәмі енді құсқымды келтірген. Лоқсып не әрі кетпейді, не бері шығаруға болмайды. Жұтудың өзі бір азап болғаны есіме түсіп кетті.
Өмірі жеп көрмеген сирек кездесетін бір тропикалық жеміс болу керек, аты есіме түспей отыр. Кейін ол туралы оқысам, ол деген нағыз аллерген екен. Көпшіліктің алдында әдепсіздік танытпайын деп намысқа тырысып, әлгіні әрең дегенде жұтқан едім. Сонда деймін ғой, не түкіре алмай, не жұта алмай жаман қиналғанымды айтсаңыздаршы. Аллергия берсе не болар еді, ондай кезде өлімнен ұят күшті ғой" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы Алматыда орын алған аяусыз өлім оқиғасына қатысты пікір білдіріп, оған кінәлі адамды қатаң түрде заң бойынша жазалауды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905123-olimnen-uyat-kusti-laila-sultanqyzy-basynan-otken-yngaisyz-zagdai-turaly-aitty/