Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айғайлап, көмек сұрады: Шымкентте "қыз алып қашқандар" видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Бойжеткен
Көрнекі фото: pixabay.com

"НеМолчиKZ" қоғамдық қоры Шымкентте қыз алып қашқандар жайлы хабарлады. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шымкент! Қыз ұрланды! 29 наурыз түнде сағат 00:45 пен 01:15 аралығында 18 ықшам ауданда №62 үй жанында екі жігіт қызды ұрлап кетті. Болжам бойынша, сұр түсті Daewoo Nexia көлігімен. Біз Шымкент полициясына сағат 2:05-те хабар бердік. Бойжеткен аман-есен табылады және зардап шекпеді деп ойлаймыз", - делінген қордың Instagram парақшасында.

Ал желіде тараған видео кадрларынан өзін босатуды талап етіп, айғайлап көмек сұраған бойжеткеннің даусы мен автокөлік байқалады. Алайда, жігіттер қызды айғайына қарамастан салонға кіргізіп, көлікті айдап кетеді.

Бұл жайт төңірегінде жерігілікті тұрғындар пікірі екіге бөлінген. Бірі оқиғаны естіп, үрейге бой алдырса, енді бірі бойжеткенді ешкім ұрламағанын айтады.

Олар улап-шулап, бір-біріне сезімін білдіріп жататын, түнде тыныштықты бұзатын көршілес тұрған кафенің қонақтарына еті үйреніп кеткенін айтады.

"Мен достарыммен басқа аулада отырдым. Айғайды естіп, оқиға орнына жүгіріп келдім. Бірақ ешкім болмады. Бізде бәрі орнында сияқты, ешкімді ұрламаған. Бізде пәтер жалдайтындар мен шулайтын тұрғындар да жоқ. Ол қыздың қай жақтан екенін білмеймін", - дейді тұрғындардың бірі.

Шымкент қалалық полиция департаменті де бұл фактіге қатысты пікір білдірді.

"2021 жылғы 29 наурыз күні әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз тұлғалар азаматшаны автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткендігі туралы бейнежазба жарияланған.

Осы күні аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы сол маңдағы бейнебақылау камераларының біріне осы оқиға түсіп қалғанын анықтап, бейнежазбасын тексерді. Сондай-ақ жақын маңда тұратын тұрғындарымен әңгімелесті. Аталған бейнежазбаны түсіріп алған азаматша анықталып, одан жауап алынды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысты барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іс-шараларды жүргізуде", - дейді ведомстовдан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905176-aigailap-komek-surady-symkentte-qyz-alyp-qasqandar-videoga-tusip-qaldy/

pixel