Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың жаңа штамдары бірнеше өңірде анықталды: Министр Цой жауап берді

Жарияланған күні:

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа штамдары туралы сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.

Оның сөзінше, бүгінде COVID-19-дың штамын анықтауға арналған ПТР-тестің жаңа әдістемесі енгізілген. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы референс-зертханалары бар өңірдегі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың сынамасын зерделеп шыққан.

"Соның нәтижесінде коронавирустың "британдық", "оңтүстік африкалық" және "бразилиялық" штамдардың ықтимал мутациясы Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірде анықталды", – деді Алексей Цой.

Ол Алматы қаласында "британдық" және "оңтүстік африкалық" штамдар анықталғанын жасырмады. Осы мутациялар адамға тез жұғады, дейді денсаулық сақтау министрі. Сондықтан инфекцияның кеңінен таралуына себеп болуы мүмкін. Бұдан бөлек, коронавирустың "британдық" штамына ұқсас мутациялар Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе облысында тіркелгені белгілі болды.. Олардың ішінде Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінен келген адамдар да бар.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның мәліметіне сәйкес, 30 наурыздағы жағдай бойынша "британдық" штамм әлемнің 125 елінде анықтады. "Оңтүстік африкалық" штамм 75 елде, ал "бразиялық" штамм 41 мемлекетте тіркелді. Коронавирустың жаңа штамдарының сипмтомдары бірдей. Олар – жоғары температура мен жөтел, дәм мен иіс сезу қабілетінің төмендеуі негізгі белгілер болып табылады", – деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, "бразилиялық" штамның өлім-жітімі төмен. Ал "британдық" штамның қаупі жоғары. Сондай-ақ, инфекция тараған сайын жаңа штамдар шыға береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905423-koronavirustyn-zana-stamdary-birnese-onirde-anyqtalgany-ras-pa-coi-zauap-berdi/