Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанда кітап оқитындар азайып барады": Отандық ғалымдар дабыл қақты

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда кітап оқитындар саны азайып барады. Мәдениет министрлігінің дерегі бойынша, 2019 жылы кітапханаларда 4 миллион 600 мыңнан астам оқырман болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1,5  миллионға азайып, 3 миллион оқырман тіркелген. Ал кітап дүкендерінің мамандары соңғы 10 жылда оқырманның сұранысы өзгергенін айтады. Адамдар бұрынғыдай ақын-жазушылардың көркем дүниелеріне  қызықпайтын болған деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Бүгінгі оқырман көркем әдебиетті жастанып оқымайды.

Оның орнына психологиялық, мотивациялық, қаржы тақырыбына арналған кітаптар үлкен сұраныста, дейді кітап дүкендерінің мамандары.

Ал кітапхана қызметкерлері бұл пікірмен келіспейтіндерін ашып жеткізді. Олардың сөзінше, көркем шығармаларға деген қызығушылық бәсеңдеген. Дегенмен, оқырмандардың 35 пайызы зейнет жасындағы адамдар екенін жасырмайды. Жастардың үлесі небәрі 25 пайыз ғана екен.

"Күнделікті көркем әдебиет алатын оқырмандармен мен тікелей байланыс жасаймын. Сондықтан да қазір көркем әдебиет секторының оқырмандары 8774 оқырманды құрап тұр. Яғни, бұл дегеніміз өте төмен деп айта алмаймыз. Өте жоғары деп те айта алмаймыз. Орташа деңгейден жоғары. Өйткені оқырманның күнделікті келуімен есептейміз ғой", – деді Ұлттық академиялық кітапханасы көркем әдебиет бөлімінің жетекшісі Айман Құсайынова.

Ал филология ғылымдарының кандидаты Болат Қорғанбеков жастардың кітапқа қызықпау себебі отбасында балаларға ертегі немесе халықтың тарихына қатысты аңыз әңгімелер айтылмайтындығынан, деген пікірде.

Оның дерегінше, егемендік алған тұстан бастап тарихқа деген қызығушылық оянды да, кейін нақты тарихи еңбектер, нақты публистикалық еңбектер көбірек оқыла бастаған.

"Сол кезден басталды көркем әдебиетке деген қызығушылықтың азаюы. Адамның мүкіндігі шектеулі ғой. Адамның азқазаны бір табақ ас сияды дегендей. Ол бірін оқыса, екіншісін оқуға уақыт қалмайды, әрине. Бұл бір себебі көркем әдебиеттің оқылмауы", – деді профессор.

Осы орайда мамандар енді "неге кітап оқылмайды?" деп емес, "неге кітап оқыта алмаймыз?" деген сұраққа жауап іздегеніміз жөн деп отыр. Ал ол үшін -кітап дүкендері мен кітапханаларда жарнама қызметін дұрыс жолға қою керегін алға тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905885-qazaqstanda-kitap-oqityndar-azaiyp-barady-otandyq-galymdar-dabyl-qaqty/