Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында полицей мен ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almaty

Әлеуметтік желіде тас жолдың бойында полицейдің қатысуымен болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Оқиғаның Қостанай облысында болғаны көрсетілген. Роликке қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кадрларда ер адамның полицейдің аяғынан жығып құлатқаны көрінеді. Олардың арасында текетірес басталған. Кейінірек тәртіп сақшысының әріптесі мен басқа бір жас жігіт екеуін ажыратып алған.

Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл видео қазіргі таңда зерттеліп жатыр.

"Істің мән-жайын анықтау үшін қауіпсіздік бөлімі қызметтік тексеруді тағайындады" - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1906079-qostanai-oblysynda-policei-men-er-adamnyn-tobelesi-videoga-tusip-qaldy/

pixel