Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жемқорлық жасаған" әйелін "ұстап" берген қазақстандыққа сыйақы төлене ме

Жарияланған күні:

Тимур Балыкчин
Тимур Балыкчин. Видеодан кадр: Астана телеарнасы

ОКҚ өткен онлайн-брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов өз әйелін ұстап берген Талғар тұрғынына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Факті БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Азамат Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің департаментіне жүгінді. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес тексеру жүріп жатыр.

Іс материалдары Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Егер расымен де қандай да бір заң бұзушылықтар туралы қорытынды болса, онда біз сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеу мәселесін қарастырамыз", - дейді Бектенов.

Сондай-ақ ол ақпарат бергені үшін ер адамға сыйақы беру туралы айтуға әзірге ерте екенін атап өтті. Егер оның жұбайы тарапынан заң бұзушылық расталса, ер адамның сыйақы алу үшін жүгінуіне болады екен.

Айта кетсек, бұған дейін Тимур Балыкчин есімді Талғар тұрғыны әйелінен жемқорлық жасады деп күдіктеніп, оны органдарға ұстап берген еді.

Еске сала кетейік, Олжас Бектенов елімізде бұрынғы жемқорларды жұмысқа алғандарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынатынын айтқан болатын.

Бектеновтің сөзіне сүйенсек, бұрынғы жемқорды жұмысқа алған мемлекеттік орган немесе ұлттық компания жетекшісіне 100 АЕК айыппұл салынады. Осы ретте ол бұл соманы жұмыс орнының есебінен емес, өз қалтасынан төлеуі керек.

Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысында лауазымды тұлға мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906608-zemqorlyq-zasagan-aielin-ustap-bergen-qazaqstandyqqa-syiaqy-tolene-me/