Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақыттың қалай өткенін аңғармай да қалдым": Уханьда қалған қазақстандық студенттердің жағдайы қалай

Опубликовано:

Дана
Дана Дюсембаева: Кадр: Хабар24

Былтыр Уханьда коронавирус өршіп, қауіп көбейгенде студенттеріміздің көбі елге оралған еді. Сол жақта қалып қойғандары да аз емес. Олардың мұндай шешім қабылдауыне не себеп болды? Ол кездегі жағдай қандай еді? Студенттермен Хабар24 тілшісі тілдесіп қайтқан.

Індет басталғанда Уханьда оқитын жүздеген қазақстандық студенттің біразы қысқы демалысын Отанында өткізіп жатқан. Қалғандарын эвакуациялау шешімі қабылданды.

Отандасымыз Артём сол кезде Қытайдың өзге қаласына көшіп кеткен, бірақ жерлестерін Отанына қайтару ісіне белсенді қатысқан. Алайда өзі Қытайда қалуды ұйғарған болатын.

"Ата-анама коронавирус жұға ма деп қатты үрейлендім. Олар ауырып қалса, мұны өзіме кешіре алмас едім. Сондықтан Уханьда болсам да, үйге қайтпас едім", - дейді студент Артём Антонов.

Дана да Уханьда қалған студенттің бірі. Індет тараған кезде қорықанын, әсіресе, түнде жедел жәрдем көліктерінің дабылын естігенде жанын шүбірекке түйіп отырғанын жасырмады.

"Ұстаздарымыз қолдау көрсетіп, үнемі денсаулығымды сұрап тұратын, екі-үш рет келіп те кетті. Сол кезде оқуымды бітіріп жатқанмын, диплом жұмысын жазу үшін уақыт керек болатын. Осылай үйде отырып жазып шықтым. Уақыттың қалай өткенін аңғармай да қалдым", - дейді магистратура студенті Дана Дюсембаева.

Қазір Уханьда жағдай тұрақталған дегемен, супермаркет, метроға кіргенде арнайы QR-кодты сканерлеу керек.

"Бұл бақылау үшін қажет. Осылайша, кімнің қашан қай жерде болғаны түсінікті. Егер коронавирусты жұқтырған адам анықталса, сонда болған адамдарға дер кезінде ескертіліп, олар үйлерінде оқшауланады. Ал кодың қызыл болса, арнайы орынға баруың керек", - дейді Артём Антонов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907344-uaqyttyn-qalai-otkenin-angarmai-da-qaldym-uxanda-qalgan-qazaqstandyq-studentterdin-zagdaiy-qalai/

pixel