Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қанды қылмыстан кейін 7 бірдей полицей лауазымынан айырылды

Опубликовано:

Полиция қызметкері13
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырауда ер адам әйелдің басынан балғамен ұрып, кейін өзі асылып қалған болатын. Бұл қанды қылмыстан соң жеті бірдей полиция қызметкері лауазымынан айырылды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бір ай бойы зорлық құрбаны болған келіншектің әпкесі құқық қорғаушыларды қатаң жазалауды сұрап отыр.

Айтуынша, алғаш рет соққыға жығылған күннен бастап, сіңлісі де, өзі де бірнеше рет полицияға шағым түсіріпті.

Бірақ учаскелік полицей марқұмды жазалауға асықпай, ақыр соңы қайғылы жағдайға ұласты дейді жәбірленушінің әпкесі.

"Мен сол кезде учаскелік полицияға бірнеше рет қоңырау соқтым. Мен екінші рет қоңырау шалғанда ол ашуланып, "мен енді ұшып барайын ба, ол сіңліңді өлтірмейді, мен адамдарды жібердім" деді. 2-3 минуттан соң ортаншы жиенім "Алиса әпке, тезірек кел, ол анамды балтамен ұрды" деді. Негізі балғамен соққан. Бала айыра алмаған. "Мамамнан қан ағып жатыр" деді. Мен ішкі істер министрінен қалалық полиция басшысынан бастап, осы іске қатысы бар учаскелік полицей, тергеушілерге дейін қатаң жазалауын талап етемін", - дейді жәбірленушінің әпкесі Алиса Сатанова.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Атырау облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Болат Көшқалиевтің сөзінше, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Яғни ауыр дене жарақатын салу, зорлау және өзгенің мүлкіне қол сұғу баптары бойынша.

Ал қызметтерінде заң бұзушылыққа жол берген полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Яғни лауазымдарынан босатылды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің "Салғырттық" бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде", - дейді Болат Көшқалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда бір ай бойы зорлық құрбаны болған келіншектің ауыр халде ауруханаға түскенін хабарлаған едік. Белгілі болғандай оны танысы басынан балғамен ұрып, кейін өзі асылып қалған.

Зардап шеккен әйел әлі ауруханада жатыр.

Әпкесі Алиса Сатанованың сөзінше, сіңлісі ер адаммен Instagram желісінде танысқан. Сөйлесіп жүргенімен, болашақта бірге тұру туралы жоспары мүлде болмаған дейді ол.

Б. Нәдірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909809-atyrauda-qandy-qylmystan-keiin-7-birdei-policei-lauazymynan-aiyryldy/

pixel