RU

Ақмола облысында анасы мен қызы бірге тұратын ер адам үшін жаға жыртысқан

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Щучинск қаласының 40 жастағы тұрғыны 23 жастағы қызының үстінен арызданып, баласынан таяқ жегенін айтқан. Оқиға туралы Ақмола облыстық полиция департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Ведомство мәліметінше, 1 мамыр күні кешке Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Щучинск қаласының 40 жастағы тұрғынынан арыз түскен.

Әйел 23 жастағы қызы дене жарақатын салғанын хабарлады.

Жәбірленуші түрлі сынықтар алғанын да жасырмаған.

Ал қызы болса кінәсін мойындап отыр.

Жанжалдың қызғаныштан болғандығы анықталды.

Әйел өз қызынан бірге тұратын ер адамды қызғанып, арты жанжалға айналған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлімі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911014-aqmola-oblysynda-anasy-men-qyzy-birge-turatyn-er-adam-usin-zaga-zyrtysqan/