Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ленинград түбінен із-түзсіз жоғалған қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

Жарияланған күні:

мүрде табылды
Фото: Хабар 24

Ресейде соғыста шейіт болған тағы бір қазақ сарбазы анықталды. «Майдан жолы» жасағы марқұм Емберген Майсановтың мүрдесін Ленинград түбінен тапқан екен. Енді оны елге жеткізбек. Жетпіс алты жыл бойы із-түзсіз кеткендер қатарында болған жауынгер кім еді? Бұл жөнінде «Хабар 24» хабарлайды.

Адамдар қазір ат басын сирек бұратын бұл жаққа тек зерттеушілер келеді. Солар биыл да қазба жұмыстарын жүргізбекке бекінген көрінеді. Оларға Қазақстаннан келген топ қосылған.

"Екі ел бұрыннан дос. Бұл соғысқа біздің батырларымыз да қатысқан. Сондықтан іздеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу керек деп шештік. Қазақстаннан бірнеше маман келді", - дейді «Майдан жолы» жасағының жетекшісі Александр Шитов.

Бұл маңда 314-ші атқыштар дивизиясы шайқасып, немістерге аяқ бастырмапты. Сазды жер болған соң әлгі аумақты зерттеу оңайға түспеген.

Осыған дейін 66 сарбаздың мәйіті шыққан жерден тағы бір мүрде табылып отыр. Енді оны зертханаға жеткізеді.

Зерттеу әлі де жалғасатындықтан, әзірге бұл маңды қорғаған қанша қазақтың болғанын айту қиын дейді зерттеушілер.

«Опора» іздеу тобының жетекшісі көп өтпей тағы бір қазақ жауынгерінің мүрдесі табылғанын айтты. Ол – Емберген Айсанов. 1943 жылы Ленинград түбінде қаза тапқан.

"Жауынгер жатқан жерден мына медаль, қасық және оқ-дәрі табылды. Соның барлығын жинап қойдық. Бұл медаль марқұмға Ленинградты қорғағаны үшін берілген", - дейді Евгений Кириллов.

Марқұмның мүрдесі туыстарына тапсырылды. Енді оны өзі туған Қызылорда өңіріне барып жерлемек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911646-leningrad-tubinen-iz-tuzsiz-zogalgan-qazaq-zauyngerinin-suiegi-tabyldy/