Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан неше адамның көз жұмғаны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 20 адамның өмірін жалмады. Бұндай ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі Телеграмм арнасында жария етті.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1766 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан.

Сонымен қатар, кеше Қазақстан аумағында 20 адам қауіпті дерттен көз жұмды.

Соңғы деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде 41 094 адам коронавирус инфекциясынан (40 692 КВИ+ және 402 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 068 пациент стационарда, 26 026 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 802 адамның жағдайы ауыр, • 186 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 105 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Одан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы туралы соңғы деректерді ұсынды.

"9 мамырда коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияға қатысты 7 жағдай және 5 өлім тіркелді. 48 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911819-qazaqstanda-otken-taulikte-koronavirustan-nese-adamnyn-koz-zumgany-belgili-boldy/

pixel