Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда өзінен 10-15 жас үлкен әйелдермен көңіл қосқан жігіт ұсталды

Жарияланған күні:

күдікті
Көрнекі фото: hour24.ru

Астаналық полицейлер өзінен үлкен әйелдерді алдап жүрген алаяқты ұстады. 34 жастағы ер адамның фотосы жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы көбінесе 40-50 жастағы әйелдермен танысқан. Оларға шын аты-жөнін айтпаған. Біреуге "Алмас" десе, басқасымен "Алматпын" деп танысыпты. Барлығына банктің қауіпсіздік қызметінде немесе мемлекеттік қызметте жұмыс істейтінін айтқан.

"Ал әйелдердің сеніміне кіргеннен кейін ақшаға жоғары жалақысы бар қызметке орналастыруға ұсыныс жасаған. Тіпті біреуінің атынан кредитке телефон алыпты. Ақшасын кешіктірмей төлеп тұрамын деген уәдесін орындамаған", - дейді полицейлер.  

Алаяққа алданған тағы бір әйел құндыз тонын бере салыпты. "Алмас" оны химиялық тазартуға апарып тастаймын деген. Бірақ ақшаға айырбастап, қашып кеткен.

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары алаяқтың әрекетінен зардап шеккен 8 адамды анықтады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамның осы іспетті басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті фотода көрсетілген адамның әрекетінен зардап шеккендерді 61-30-68, 71-64-90, 71-65-58. 8-775-601-11-00 немесе 102-ке хабарласуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912211-nur-sultanda-ozinen-10-15-zas-ulken-aieldermen-konil-qosqan-zigit-ustaldy/