Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарияланған күні:
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2283 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 350 591-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 389,
Алматы қаласы - 597,
Шымкент қаласы - 82,
Ақмола облысы - 104,
Ақтөбе облысы - 87,
Алматы облысы - 216,
Атырау облысы - 75,
Шығыс Қазақстан облысы - 87,
Жамбыл облысы - 37,
Батыс Қазақстан облысы - 97,
Қарағанды облысы - 250,
Қостанай облысы - 26,
Қызылорда облысы - 30,
Маңғыстау облысы - 37,
Павлодар облысы - 109,
Солтүстік Қазақстан облысы - 35,
Түркістан облысы - 25.
Еске сала кетсек, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.
"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.
12 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.
"Сары" аймақта Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы орналасқан.
Ал Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912231-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-kurt-osti/