"Астана LRT" ісі: Прокурор айыпталушыларды 7 және 11 жылға соттауды сұрады
Жарияланған күні:
"Астана LRT" ісі бойынша онлайн сот отырысында прокурор айыпталушыларды 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Прокурор Диас Янгалышов сотталушылар үшін келесі мерзімдерді жариялады:
- Рашид Аманжолов – мүлкін тәркілеу, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдар атқаруға тыйым салумен қатар, 11 жылға бас бостандығынан айыру.
- Ұлықбек Ачилов – мүлкін тәркілеумен қатар, 11 жылға бас бостандығынан айыру.
- Жанат Нұрпейісов – мүлкін тәркілеу, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, квазимемлекеттік ұйымдарда 5 жыл лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу, 9 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеу, "Құрмет" орденінен айыру.
- Талғат Әшім – мүлкін тәркілеу, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы лауазымдарға тыйым салумен қатар, 8 жылға бас бостандығынан айыру,
- Тимур Касабаев – мүлкін тәркілеу, 8 жылға бас бостандығынан айыру,
- Дулат Мусенов – мүлкін тәркілеу, 7 жылға бас бостандығынан айыру,
- Дәурен Әбдіхамитов – мүлкін тәркілеу, 11 жылға бас бостандығынан айыру.
Прокурор сонымен бірге сотталушылардан 4,2 млн теңге көлеміндегі процессуалдық шығындарды өндіріп, "Астана LRT" ЖШС-нің, қазіргі кездегі "CTS" ЖШС-нің қылмыспен мүліктік зиян келтіру бөлігінде азаматтық талапты 5,8 млрд үлестік негізде қанағаттандыруды сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912860-astana-lrt-isi-prokuror-aiyptalusylardy-7-zane-11-zylga-sottaudy-surady/