Ел тұрғындары маусым айында неше күн демалады
Жарияланған күні:
Маусымда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Жаздың басы сейсенбіге түседі, ол – жұмыс күні деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жаздың алғашқы айында демелыс берілетін мереке жоқ. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары маусымда 8 күн демалады.
Яғни, сенбі, жексенбіге түсетін 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26, 27-сі күндері.
Негізінде маусымда атаулы күндер жоқ емес:
- 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;
- 6 маусым – қаржы полициясы күні;
- 20 маусым – медицина қызметкерлері күні;
- 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні.
Одан бөлек, жаздың екінші айында көптеген маңызды күн және халықаралық мерекелер бар:
- 1 маусым – Балаларды қорғау күні;
- 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні;
- 26 маусым – есірткіні теріс пайдалану мен олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913119-el-turgyndary-mausym-aiynda-nese-kun-demalady/