Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стадионға ту ұстап шығып, біркелкі түзу жүре алмаған әскерилер желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/kazakh_inform

Желіде сапта біркелкі жүре алмай, қадамдарын шалыс басқан әскерилердің видеосы пайда болды. Онда сарбаздардың стадионға көк туды ұстап шығып келе жатқанын байқауға болады деп жазады zakon.kz.

Күні кеше ғана желіде тарап кеткен видео бірден әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Олардың бірі сарбаздардың сапта түзу жүре алмауын сынап тастаса, енді бірі әзіл-шыны аралас пікірлерін жаудырған.

Белгілі болғандай, оқиға Түркістан қаласында орын алған. Онда "Түркістан Арена" стадионында XІ жазғы универсиада ойындарының ашылуы өтіп, аталған шарада сарбаздар ту ұстап, сапқа тұрған.

"Қазақстанның мемлекеттік туын көтеріп келе жатқан сарбаздар ресми түрде әскерилер емес, олар тек студенттер. Сондай-ақ, студенттердің сапта түзу жүруіне күшті жел кедергі болды. Себебі соңғы 3-4 күн бойы қаламызда қатты жел соғып тұр. Студенттер 150 метр жолда туды сценарий бойынша ұстап шығу керек болған, алайда қатты желдің кесірінен сапта түзу, біркелкі жүру мүмкін болмады", - деп мәлімдеді Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің де баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Қазақстанның Қарулы күштері, әскери құрылымдар мен әскерилердің арнайы белгісі бар, әскери үлгідегі киімдерін киюге қолданыстағы заң бойынша рұқсат етілмейді", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913269-stadionga-tu-ustap-sygyp-birkelki-tuzu-zure-almagan-askeriler-zelini-zardy-video/

pixel