Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент атом электр станцияларын салуға қатысты: Бұл ретте үрейге бой алдыру орынсыз

Жарияланған күні:

Президент11
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Оның барысында президент елімізде атом электр станцияларын салуға қатысты пікірін білдірді.

Президенттің пайымдауынша, Қазақстан қуат көздері бойынша бай ел болғандықтан, болашақта жаңа энергетикадағы жетекші орнын сақтап қалуы тиіс.

"Жаңартылатын қуат көздері жобаларындағы қазақстандық өнімнің үлесі әлі де өте аз. Көздің жауын алатын жаңа станцияларды салуды үйреніп қана қоймай, жергілікті өндірісті, ғылым мен технологияны дамытып, білікті отандық кадрларды дайындау қажет. Әйтпесе, тарифтер арқылы төлем жасап, шетелдік тауарлар мен технологияларға бүкіл ел үлес қосады. Үкіметке жаңартылатын энергия көздері мен жалпы энергетика саласындағы озық халықаралық оқшаулау тәжірибесін мұқият зерттеп, пайдалануды тапсырамын", – дейді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға ынталандыру қажет екенін атап өтіп, "ақылды" қалаларды дамыту аясында күн панельдері мен шағын станцияларды пайдаланудың пилоттық жобаларын жүзеге асыруды ұсынды.

"Мен таза энергетиканы және жалпы жасыл технологияны жақтаймын. Жаңартылатын қуат көздерін пайдаланатын электр станцияларын салуды қолдаймын", – дейді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, президент атом энергетикасынан алдын ала бас тарту дұрыс емес әрі қате деген мамандардың пікірімен келісетінін жеткізді.

"Бүкіл дамыған әлем атом энергиясына иек артады. Бұл ретте үрейге бой алдыру орынсыз. Дегенмен, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын табанды түрде жүргізу қажет. Атом станцияларының құрылысын бастауға асықпаймыз, алайда бұл істі кейінге ысыруға да болмайды", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914557-prezident-atom-stanciyalaryn-saluga-qatysty-bul-rette-ureige-boi-aldyru-orynsyz/