Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда қамауға алынған депутат Nur Otan партиясынан шығарылды

Жарияланған күні:

Депутат
Көрнекі фото: pexels.com

Медициналық тексеруден өтуден бас тартқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Әбішев Nur Otan партиясынан шығарылды. Бұл туралы партияның өңірлік филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Баспасөз қызметі Әбішев Қайрат Сансызбайұлын Nur Otan партиясы мүшелігінен шығару туралы шешім 26 мамыр күні Саяси кеңес бюросының кезектен тыс отырысындағы жарғы негізінде қабылданғанын алға тартты.

"Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" заңының 20-бабы 3-тармағының 3-1, 3-бөліктері негізінде депутаттық өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылады", - деп толықтырды Павлодар облыстық Nur Otan партиясының филиалынан.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясының мүшесі Қайрат Әбішев медициналық тексеруден бас тартқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, сегіз жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны хабарланған еді.

Қайрат Әбішевті полиция қызметкерлері 25 мамыр күні шамамен таңғы сағат 5-те тоқтатқан. Ол техникалық тексеруден өтпеген Toyota Camry көлігімен жүрген. Оның үстіне ер адам өзін полицияға басқа есіммен таныстырған. Жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан.

Осыдан кейін депутат наркологиялық диспансерге медициналық тексеруге жіберілген. Алайда Әбішев тексеруден өтуден үзілді-кесілді бас тартқан.

Сот отырысында Қайрат Әбішев өзінің кінәсін мойындамады. Ол медициналық тексеруден өтуден бас тартуын құрамында спирті бар тұнбаны қолданумен түсіндірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914610-pavlodarda-qamauga-alyngan-deputat-nur-otan-partiyasynan-sygaryldy/