Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жоғалған жеті адам туралы тың деректер пайда болды

Опубликовано:

Таулы аймақ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында жоғалған жеті адам туралы тың деректер пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отырар арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткендердің алтауы - Назарбаев Университетінің 4 курс студенттері. Ал біреуі Кентау лицейінің түлегі.

Екі жігіт - Ақтөбе, үшеуі - Атырау, қалғаны Орал және Жезқазған қалаларынан. Құтқарушылар тауға кеткен жеті адамды үш күннен бері іздестіріп жатыр. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау басқармасының басшысы Қанат Қарабалаевтың сөзінше, бүгін сағат 12:00-ден бастап тікұшақпен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, Түркістан облысының құтқарушылары Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған жеті адамды іздестіріп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметінше, жеті адамның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 25 мамыр күні сағат 18:30-да түскен.

Белгілі болғандай, 21 мамыр күні туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда оралуы керек болатын. Алайда сол беті қайтып келмеген.

Өткен тәулікте іздестіру топтары 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралап шыққан. Одан бөлек, екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста барлау жүргізілген.

"Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 құтқарушысы, 2 квадракоптері және 7 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 техникасы, ҰҚК Шекара қызметінің 3 атты патрулі, ұлттық парктің 10 қызметкері мен жоғалғандардың туыстары да іздеу жұмыстарына атсалысуда", – дейді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914790-turkistan-oblysynda-zogalgan-zeti-adam-turaly-tyn-derekter-paida-boldy/

pixel