Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзін жоюға 126 млн бөлінген: Масадан мезі болған Атырау жұрты жанайқайын айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Атыраулықтарды маса әбден мезі еткен. Жергілікті билік зиянкестерді улауға 126 миллион теңге бөлген екен. Бірақ нәтижесі көрінбейді дейді тұрғындар. Олардың айтуынша, бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмеген деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Мұнайлы шаһарға көктем келсе болды таңнан кешке дейін маза бермейтін масаның кесірінен тұрғындар үшін сыртқа шығып, серуендеудің өзі мұң. 

Қаққаннан қашпайтын қансорғыштар қажытып бітеді екен. Биыл да атыраулықтардан маза қашқан. Олардың ойынша, маса улау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді.

Мұнайлы шаһарда маса улау жұмыстарына 5 бригада, 43 дезинфектор, 8 автокөлік пен арнаулы құрылғылар жұмылдырылған.

"Көпқабатты үйлердің подъезі мен қасындағы учаскелерін улау, сосын ашық су бекеттерін улау жүріп жатыр. Сонымен қатар қаланың ашық территориялары, парктерді улау жұмыстары жүріп жатыр. Қаланың қасындағы ауылдық округтерде, мысалы, Атырау, Дамбы, Кеңөзек, Алмалы, Қайыршақты, Еркінқала ауылдық округтерінде масаға қарсы улау жұмыстары жүріп жатыр", – дейді мердігер мекеме өкілі Нұрлыбек Ахмедияров.

Жыл сайын масаның көбеюі табиғи құбылыс дейді мамандар. Олардың уға бейімделуі де тез көрінеді. Тіпті уақыт өткен сайын қазіргі қолданыстағы препараттардың күші кеміп барады екен.

Маса көбіне көпқабатты үй тұрғындарын әбігерге салады. Залалсыздандыру шаралары бірінші кезекте шаһардағы 78 пәтер иелері кооперативіне қарасты 1100-ден астам көпқабатты үй мен балалар ойын алаңында жүргізілген.

Сонымен қатар, аялдамалар және қала маңындағы елдімекендер де қамтылыпты. Маса улауға биыл 126 миллион теңге бөлінсе, қазір соның 26 миллионы игерілген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914900-kozin-zoyuga-126-mln-bolingen-masadan-mezi-bolgan-atyrau-zurty-zanaiqaiyn-aitty/

pixel