RU

Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті

Көлікте отырған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысында найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 маусым күні сағат 04.30-да Ақжайық ауданы Мерген ауылында болды. М.Әуезов көшесі 25/2-мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында гараж бен «ВАЗ-2108» автокөлігі отқа оранды. Өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жау» №10 өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен сағат 05.33-те оқшауланып, 05.46-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда, өрт найзағай түскеннен шыққан. Өңірде 3 маусымға қараған түні найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915846-batys-qazaqstanda-naizagai-tusip-garaz-ben-avtokolik-ortenip-ketti/