Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО тұрғыны дүкеннен ұрлаған ақшаны үйінің ауласына көміп тастаған (фото)

Жарияланған күні:

Көмген
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тұрғыны дүкеннен 400 мың теңгеге жуық ақша ұрлап, оны өз үйінің ауласына жасырып қойған. Полицейлер күдіктіні саусақ іздері арқылы қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 17 мамыр күні таңертең полицияға Шемонаиханың 60 жастағы тұрғыны шағымданған.

Ол түнгі уақытта әлдекімнің дүкенінің кілтін алып, есікті бұзып кіріп, 390 400 теңге мен бейнетіркеуішін ұрлап әкеткенін хабарлаған.

Оқиға орнына келген криминалист саусақ іздерін тапқан. Содан кейін тәртіп сақшылары оны базадан тексере бастаған.

Саусақ іздері бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған 18 жастағы жергілікті тұрғынның дактилоскопиялық картасымен сәйкес келген. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтап, күдіктіні қолға түсірген.

Ақша
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Анықталғандай, оған ақша жақында ғана сатып алған көлігі үшін қажет болыпты. Сол себепті дүкенге ұрлыққа түскен.

Жас жігіт ойындағысын жүзеге асырған соң ақшаны үйінің ауласына көміп тастаған. Өйткені, ол туыстарына ірі сомадағы ақшаны қайдан алғанын қалай түсіндірерін білмепті.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Жігіт кінәсін толық мойындаған. Ұрланған ақшалар тәркіленді.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада көлігін өзге біреуге сатып, оны жаңа иесінен қайтадан ұрлап кеткен ер адамның қылмысы әшкере болған еді.

Белгілі болғандай көлікті сатқаннан кейін ер адам тағы бір кілтті өзіне алып қалған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916856-sqo-turgyny-dukennen-urlagan-aqsany-uiinin-aulasyna-komip-tastagan-foto/