Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-дан тым жоғары балл алған түлектер күшейтілген тексеруден өтеді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов ҰБТ-дан тым жоғары балл алған түлектердің күшейтілген тексеруден өтетінін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Дидар Смағұловтың айтуынша, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасына орай, алғашқы тест пен соңғы нәтижеде 20 балдан артық айырмашылық болса, қосымша тексеріс жүргізіледі.

Ал жүйені алдағысы келгендер жауапкершілікке тартылады.

"Біз жүйені алдауға тырысқандардың барлығын анықтап, тиісінше жазалаймыз! Бұл тест тапсырушыларға ғана емес, сонымен қатар өңірлерде ҰБТ өткізуге жауапты қызметкерлерге де қатысты. Сіздің әрбір қадамыңыз біздің бақылауымызда және кез келген құқықбұзушылық әрекеттерге деген талпыныс мүлдем ақылға қонымсыз", - дейді Білім және ғылым министрінің штаттан тыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесшісі Дидар Смағұлов.

Оның сөзінше, Түркістан облысы Темірлан ауылының түлегі наурыздағы сынақта 37 балл жинаса, қорытынды тестілеуде 121 балл алған. Бұл күдік тудырған. Нәтижесінде тест қорытындысын жоюға тура келген. 

Осы ретте Смағұлов алда тағы да тексерулер бар екенін, кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетінін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дидар Смағұлов мектеп түлектерінің ҰБТ-ға ұялы телефондарды қалай тығып әкелетінін көрсеткен еді.

Мәселен, Алматыда бір түлек ұялы телефонды фольгаға орап, шоколад ретінде алып өтпекші болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916961-ubt-dan-tym-zogary-ball-algan-tulekterdin-kuseitilgen-tekseruden-otedi/

pixel