RU

Новосібірде жойқын жарылыс болып, 20-дан аса адам зардап шекті (видео)

Өрт2
Видеодан кадр: https://t.me/Cbpub

Ресейдің Новосібір қаласындағы жанармай бекетінде жойқын жарылыс болып, 20-дан аса адам зардап шекті деп хабарлайды РИА Новости шұғыл қызметке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, соңғы мәліметтерге сәйкес, өрттен 24 адам зардап шегіп, олардың 19-ы күйік орталығына жіберілген. Қаза болғандар жоқ.

Агенттіктің мәліметінше, төтенше жағдай бүгін күннің екінші жартысында болған.

Гусинобродское тас жолындағы жанармай құю бекетінен өрт шығып, соңы жарылысқа ұласқан. Яғни сол жерде тұрған ішінде отын бар резервуарлар жарылған.

Қазір 1200 шаршы метрді қамтыған өрт ауыздықталған.

Life.ru-дің мәліметінше, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, Life Shot Telegram-каналында тағы бір тың мәлімет пайда болды. Каналдың жазуынша, жанармай құю бекеті тиесілі "Еврогаз" компаниясының мәліметінше, өрт көлікке жанармай құю кезінде шыққан. Кейін соңынан кем дегенде бес рет жарылыс болған.

Ал оқиғаның куәгерлері жойқын жарылыс болған сәттің видеосымен желіде бөлісуде.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917632-novosibirskide-zoqiyn-zarylys-boldy-video/