RU

Нұр-Сұлтан әуежайынан ұшып кеткен ұшақ қайта оралуға мәжбүр болды

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтан әуежайынан ұшып кеткен FlyArystan әуе кемесі қайта оралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, FlyArystan әуекомпаниясының KC7056 рейсі сағат 14.34-те Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шығып, техникалық себептермен қайта оралған.

Әуе кемесінің ауыстырылатыны хабарланды.

Ведомсто дерегінше, ұшу уақыты 23.40-қа ауыстырылған.

KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін FlyArystan авиакомпаниясының баспасөз қызметіне жүгінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918009-nur-sultan-auezaiynan-usyp-ketken-usaq-qaita-oraluga-mazbur-boldy/