Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғжанов қай жылы елімізде дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге жететінін айтты

Опубликовано:

дерт
Көрнекі фото: pexels.com

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге жететінін жеткізді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жөнінде Ералы Тоғжанов Елбасы кітапханасында медицина қызметкерлерімен салтантты кездесу кезінде мәлімдеді.

Оның сөзінше, биыл 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен.

Соның ішінде 74 мың дәрігердің еңбекақысына 30 пайыз, 173 мың орта қызметкердің айлығына 25 пайыз қосылды, деді премьер-министрдің орынбасары.

Ералы Тоғжанов осылайша, медицина қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңмен көтеріліп жатқанын атап өтті.

"2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады немесе шамамен 560 мың теңгеге жетеді. Ал орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 210 мың теңге шамасында көтеріледі", – деді ол

Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары медицина қызметкерлерін даярлауға бөлінетін грант санын арттыру көзделіп отырғанын, коронавируспен күреске тікелей атсалысып жүрген медицина қызметкерлеріне наурыз айынан бері 180 теңгенің үстемақысы төленгенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918029-togzanov-qai-zyly-elimizde-darigerlerdin-zalaqysy-560-myn-tengege-zetetinin-aitty/

pixel