Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жоғалып кеткен ер адамның денесі Сырдария өзенінен табылды

Опубликовано:

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Қызылорда қаласында 47 жастағы азаматтың денесі екі күннен кейін Сырдария өзенінен табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 14 маусымнан бері хабарсыз кеткен. Сүңгуірлер 15 маусымда 13.00-тен бастап Сырдария өзенінің төменгі ағысынан 1,2 шақырым аралықта іздеу жұмыстарын жүргізді.

"Құтқарушылар Талсуат елді мекеніне дейін моторлы қайықпен су бетімен 15 шақырым аумақты қарап шықты. Сондай-ақ "Ягодка" саяжайына іздестіру жүргізілді. Ол күні 20.33 минутта іздестіру шарасы уақытша тоқтатылды. Бұл жұмыстар 16 маусымда таңғы сағат 05.30-дан бастап қайта жалғасты. Нәтижесінде сағат 16.30-де оның мәйіті судан шығарылып, туыстарына табысталды", - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Ведомство мәліметінше, іздестіру жұмыстарына барлығы 15 адам мен 6 автокөлік, оның ішінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 8 құтқарушысы мен 3 техника жұмылдырылды.

Жыл басынан бері облыcта 19 адам суға кеткен. Оның 13-і бала. Қызылордада жыл басынан бері 15 адам суға батып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918067-qyzylordada-zogalyp-ketken-er-adamnyn-denesi-syrdariya-ozeninen-tabyldy/

pixel